Қоғам

Алматының №5571 әскери бөлімінде әскери қызметші қарудан жарақат алды

ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі түсініктеме берді

Алматының №5571 әскери бөлімінде әскери қызметші қарудан жарақат алды,-деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жағдайға байланысты ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

- Қаруды тапсыру кезінде Макаров тапаншасынан әскери қызметші сұқ саусағына жеңіл жарақаты алды. Медициналық көмек сол жерде көрсетілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр және қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр,-деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығынан.