Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің кездесуі өтеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астана Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің екінші кездесуі өтеді.
Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц кездесу өтетін Тәуелсіздік сарайына келді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі меймандарды қарсы алды.