жұма, 4 қазан, 2024 21:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қатерлі ісікке күдік бар": Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

"Қатерлі ісікке күдік бар": Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді
Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury
Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр бергенін айтты

Өнер иесі ауруханада жатқан жерінен халыққа үндеу жасады. 

“Үш-ақ сағаттық ұйқымен ауруханаға келдім. Менің медициналық тексеруден өтіп жүргенімді білесіздер. Маған қатерлі ісікке күдік бар деп айтқан. Биопсия тапсырдым. Бірақ таза шықты. Аллаға шүкір! Енді асқазанымды тексереді. Наркозға дайындап жатыр”, – деп жазды айтыскер ақын.  

Еске салайық, Қазақстанда қыркүйекте қыздарға папиллома инфекциясына қарсы егу басталды. 

"Мектептерде егу ата-аналардың келісімін алғаннан кейін ерікті түрде жүргізіледі. АҚШ-та өндірілген Merck Sharp & Dohme вакцинасы қолданылады", – деді Астана қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева.

Сарапшылардың айтуынша, бұл вакцина жаңа емес және 2006 жылдан бері 135 елде қолданылып келеді: Аустралия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Швейцария, Дания, Норвегия, АҚШ және тағы басқа. ТМД елдерінде Армения, Грузия, Молдова, Түркіменстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде HPV-ға қарсы егу бағдарламасы жүзеге асырылды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар