Әлеумет

Келестегі қанды қылмысқа күдікті мектепте штаттан тыс жұмыс істеген

Әкімнің орынбасары күдікті адам нашақор болған-болмағанын сараптама көрсетеді деді.

Түркістан облысы Келес ауданында оқушы қыз бен оның анасын өлтірді деген күдікті ауылдың мектебінде кезінде штаттан тыс жұмыс істеген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. Мұны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев растады.

Оның айтуынша, күдікті адам мектепте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша штаттан тыс жұмыс істеген.

«Біріншіден, ол мұғалім болып жұмыс істемеген. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2023 жылдары қосымша жұмыс істеген. 2023 жылы оны жұмыстан босатқан. Ол мектепте мұғалім болып штатта жұмыс істемеген.  Жұмыспен қамту басқармасының қоғамдық жұмысқа тарту бағытында субсидияланған жұмыс орнында келісімшартпен жұмыс атқарған», - деді бүгін Тәжібаев.

Әкімнің орынбасары күдікті адам нашақор болған-болмағанын сараптама көрсетеді деді.