Руханият

"Қонақ үй рәсімдеуде қателік кеткен": Qazaqstan ұлттық арнасы «Жұлдызды жұп» жобасына қатысты пікір берді

«Qazaqstan» телеарнасы мен арна көрермендері А.Керімбекова мен әншінің ұлы Біржан Шалқарды жобадан әрі қарай да көргісі келеді»

Qazaqstan ұлттық арнасы белгілі әнші Ақбота Керімбекованың «Жұлдызды жұп» жобасына қатысты базынасына жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама қатысушылары мен олардың репертуарын корпорацияның Көркемдік кеңесі іріктеп, бекітеді. Динара Адам продакшн компанияда жоба кеңесшісі міндетін атқарады. Одан бөлек, бұл жобада 195 маман қызмет етеді. Бағдарлама продюсері – арнаның бұған дейінгі «Егіз лебіз», «Дара бала» сияқты жобаларына жетекшілік еткен тәжірибелі маман Сандуғаш Рахымжанова. 

 «Qazaqstan» телеарнасы мен арна көрермендері А.Керімбекова мен әншінің ұлы Біржан Шалқарды жобадан әрі қарай да көргісі келеді», – делінген хабарламада.