«Құлаққа кеспе»: Халық Қаһары атыраулық әкім орынбасары Нұржан Ермұхановтан өз сөзінде тұруды талап етеді
2023 жылы Жаңа адамдар Атыраудағы құрылысы бітпеген 25 спорт алаңының мәселесіне әкімшілік назарын аудартты, деп хабарлайды oimaqnews.kz.
Нысандардың құрылысына 1,2 млрд теңге бөлінді, бірақ 5 жыл ішінде қала бұл алаңдарды алмады. Өткен көктемде Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов Жаңа адамдарға және бүкіл Қазақстанға камера алдында 2023 жылдың аяғы немесе 2024 жылдың басына қарай балалар спорт алаңдарын пайдалана алатынын айтқан болатын.
«Халық қаһары» азаматтық науқанының белсенділері Нұржан Ермұхановтың уәдесін орындады ма көз жеткізуді ұйғарды. Жарияланған мерзімдер әлдеқашан өтіп кетті, алайда спорт нысандары бұрынғыдай аянышты күйде.
Жыл мезгілдері ауысуда, балалар өсуде. Тұрақты болып қалған жалғыз нәрсе – Ермұханов мырзаның өз сөзін орындауға құлықсыздығы. Мұндай шенеуніктер туралы халық: «құлаққа кеспе ілді» дейді. Жаңа Әділетті Қазақстанда «басқарушылар» тарапынан адамдарға мұндай қарым-қатынас көрсетуге жол берілмейді.
«Халық Қаһары» азаматтық науқанының белсенділері Нұржан Ермұхановтың бос уәдеге толы «құлаққа кеспелері» бар арбаны алып, Атырау көшелеріне шығып, азаматтарды өздерінің әкім орынбасарының нәтижелілігін бағалауға шақырды. Атыраулықтар ойларын ашық білдірді.
Сәйкесінше, Нұржан Ермұханов халық алдындағы міндеттерін орындамаған шенеуніктердің қара белгісі ретінде табысталатын «Халық Қаһары» анти-жүлдесі, LRT тірегі бейнесіндегі мүсіншемен марапаталады. Алайда Ермұханов мырза ешқандай уәде бермегенін алға тартып, оны қабылдаудан бас тартты. Әкім орынбасары өз уәдесін растайтын бейнежазбаны мойындамады. Шенеуніктің кеңсесінде сыйақыны жанжалмен қалдыруға тура келді.
«Халық Қаһары» азаматтық науқанының көшбасшысы, Алихан Сарсенов: «Мен шенеуніктерге, басшыларға, директорларға, басқарушыларға және халық алдында жауапты барлық адамдарға айтамын! Қарапайым бір нәрсені есте сақтаңыздар. Егер мәселе ұзақ уақыт бойы орын алса, адамдар оны ұмытады деп үміттенбеңіздер. Керісінше, қалалықтар әділдік орнатып, өздерін алдап жүргендермен кездесуді талап ететін болады. Біздің жобаның міндеті – осы кездесуді ұйымдастыру. Біз мұны міндетті түрде орындаймыз. Бұл жағымсыз, ұят кездесуден аулақ болудың бір ғана жолы бар. Халық игілігі үшін өз жұмыстарыңызды тиімді және адал атқарыңыздар. Жаңа Әділетті Қазақстанға лайық әрекет етіңіздер».