«Айқабақ» иесіне автокөлік табысталды
Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс медаль түсті.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәреге жетті. Соның ішінде ең қызықты жарыс – 25 шақырымдық аламан бәйге болды. Мәреге бірінші болып келген Алматы облысының «Айқабақ» атының шабандозына автокөлік кілті табысталды.
Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» кесті. «Жұмыртұяқ» екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – «Қара қыз» үштікті түйіндеді. Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс медаль түсті.
Сапарғали Сәтбаев баптайтын «Айқабақ» сәйгүлігіне 14 жастағы Аңсар Арыстанбек шапты. Оған Hyundai Santa Fe көлігінің кілті табысталды.