Қоғам

"Болашақ" стипендиаттарының келісімшарт жасау процесі цифрландырылды

"Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары тұңғыш рет келісімшартқа онлайн форматта қол қойды. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Әлия Оспанова хабарлады.

"Болашақ" бағдарламасы іске қосылған 1994 жылдан бері стипендиаттар мен олардың гаранттары келісімшартқа қол қою үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен ұйымның бас кеңсесіне (алғашқы жылдары Алматыға, кейін Астанаға) келуге мәжбүр болатын. 

Қазіргі таңда оқуды ұйымдастыру туралы, кепілдік туралы шарттарға онлайн қол қоюға болады. Енді кепіл туралы шартқа қол қою процесі цифрландырылып жатыр.