Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында сержанттың денесі табылғаны жөнінде ақпарат тарады.
Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қазнетте Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында сержанттың денесі табылғаны жөнінде ақпарат тарады.
Ақпаратты ішкі істер министрлігі растады. Тергеу адамды өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша басталған.
– Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК бірінші бөлігінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады ІІМ.