дүйсенбі, 14 қазан, 2024 21:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Менің атым Қожа" спектаклінде Жанарды сомдаған актриса қайтыс болды

"Менің атым Қожа" спектаклінде Жанарды сомдаған актриса қайтыс болды
фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері Қажығалиева Күләш Сопқанқызы қайтыс болды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.

– ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері, театрымыздың әртісі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті.

1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған артист Б.Соқпақбаев "Менің атым Қожа" – Жанар,  "Қызыл сұңқарлар" – Маруар, Иран-Ғайып "Қорқыттың көрі" – Қамқа шеше, Ш.Айтматов "Ыстықкөл трагедиясы" – Кемпір, "Ақ кеме" – Кемпір, С.Балғабаев "Қыз жиырмаға  толғанда" – Ғани,  Ә.Тарази "Жақсы кісі" – Балзия, О.Бөкей "Атау-Кере" – Марфа, "Ауылдан келген ару" – Сәндігүл, С.Балғабаев "Ең алғашқы Жаңа жыл" – әже, А.П.Чехов "Шағала" – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.

Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз, – делінген ресми хабарламада. 

Актрисаның жаназасы 13 қыркүйек сағат 10:00-де Розыбакиев көшесі, 70-ші үй, 26-шы пәтерде өтеді.

Қонақасы 13.09.24 сағат 13:00-де Ару-Ана мейрамханасы, Төле би көшесі, 191-де болады. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар