Димаш Құдайбергеннің бала кезде жатқан бесігі мұражайға қойылды
- авторОймақ
- 13 қыркүйек, 2024
- 241
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің бала кезде жатқан бесігі мұражайға қойылды.
Бұл туралы журналист Бауыржан Бабажанұлы Facebook-тағы парақшасында жазды.
– Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл! Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер!, – деп жазды ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.