Қазақстан бюджетінің білімге жұмсаған шығыны 1 трлн теңгеге жетеді
- авторОймақ
- 12 қыркүйек, 2024
- 177
БІЛІМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШЫҒЫН ҰЛҒАЯДЫ
Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, 2025 жылы бұл бағытқа шығындар 2024 жылдың деңгейінен 116 млрд теңгеге ұлғайып, 1 трлн теңгені құрайды. Шығындардың өсуінің негізгі факторлары ретінде ол факторларды келесілерді атап өтті:
Жоғары оқу орнының студенттеріне орта есеппен 15-20%-ға шәкіртақы мөлшерін ұлғаяды. Нәтижесінде бакалавриат студенттері үшін шәкіртақының орташа мөлшері 52 372 теңгені, магистратура үшін - 117 098 теңгені құрайды.
«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында 78 мыңға жуық жас қазақстандықтардың тегін жоғары білім алуына шығындар қаарстырылады.
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың жеңілдікпен жол жүру құнын ұлғайту. Бір білім алушыға жеңілдікпен жол жүру 15 728 теңгені құрайды.
Ғылыми атақтар үшін қосымша ақылар белгіленуіне байланысты ғалымдардың еңбекақысының ұлғаяды.
ЖАЛПЫ ШЫҒЫН
Қаржы министрлігінің есептеуінше, 2025 жылға түсімдер 21,7 трлн. теңге деңгейінде болжанған. Трансферттерді есептемегенде, 2025 жылға арналған кірістер 15,6 трлн. теңге немесе түсімдердің 73%-ын құрайды.
– 2025 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,7% деңгейінде болжанады, ал 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,9%-ға дейін төмендейді. Бюджеттің 2025 жылға арналған шығыстары – түсімдер мен бюджет тапшылығын ескере отырып, 25,8 трлн. теңгені құрайды, яғни ағымдағы жылмен салыстырғанда 1,7 трлн. теңгеге ұлғайып отыр, – дейді ол.
Мемлекет үшін әлеуметтік саясат басым бағыт болып қалып отыр. 2025 жылы әлеуметтік саланың шығыстары ағымдағы жылға қарағанда 794 млрд теңгеге ұлғайып, 9,8 трлн теңгені құраған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.