Халықаралық білім олимпиадаларында жеңіске жеткен оқушыларға Оқу-ағарту министрлігі қомақты сыйақы төлемек
- авторОймақ
- 12 қыркүйек, 2024
- 169
Халықаралық білім олимпиадаларында жеңіске жеткен оқушыларға оқу-ағарту министрлігі қомақты сыйақы төлемек, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Дереккөзге сүйенсек, жеңімпаз оқушыға төленетін сыйақы көлемі – 5,5 млн теңге.
«Әлем бойынша ТОП-7 беделді олимпиадада жүлделі орын алған 26 қазақстандық оқушы қаржылай сыйақы алады. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады», - делінген иинистрлік хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздің ұлттық құрамасы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадаларда 2 алтын, 12 күміс, 12 қола медаль және бір диплом иеленген.
«Талантты оқушыларды қолдау мақсатында мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жүлделі орындарды иеленген оқушыларға және оларды дайындаған педагогтерге мемлекет тарапынан біржолғы сыйақы тағайындалған. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады. Ал алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 26,5 еселенген мөлшерінде; күміс медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 17,5 еселенген мөлшерінде; қола медаль иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық айлықақы 8,5 еселенген мөлшерінде беріледі. Сонымен қатар, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қазақстандық ЖОО-ның кез-келгеніне оқуға түсуге білім гранты беріледі. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады», - деп жазды министрлік.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.