Спорт

Тоғызқұмалақтан – үш алтын

Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алды.

Астанада «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аясында тоғызқұмалақтан финалдық кезең өтті.

Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды. Әйелдер арасында: Мөлдір Серікқызы алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде алды.

Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов алтын медаль, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, Көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды. Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.