Ақтоты Райымқұлова қырғыз дипломатымен кездесті
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Айбек Молдоғазиевпен кездесті. Кездесу Қор президентінің Қырғызстанға сапары аясында ұйымдастырылды.
Кездесуде Түркі мәдениеті және мұрасы қорынның Қырғыз Республикасымен қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі, алда жоспарланған іс-шаралар жоспары қарастырылды. Атап айтқанда 2024-2025 жылдар қандай жоспарларды жүзеге асыру керек екені талқыланды.
Атап айтқанда қор алдағы уақытта Бішкекте Алықұл Османовтың музей-үйін реставралциялау жобасы қарастырылып жатыр. Одан бөлек күллі түркіге ортақ мұраларды жан-жақты талқылау және таныту шаралары да кездесу тақырыптарының біріне айналды.
Кездесу соңында А.Райымқұлова қырғыз тарабына Қорға ұдай ықолдау көрсеткені үшін алғыс білдірсе, А.Молдоғозиев Қордың қырғыз халқының мәдени және рухани мұрасын халықаралық сахнада танытуға сіңірген еңбегін атап өтті.
Oimaqnews