Президент мемлекетке опасыздық бабымен сотталған Сыроежкинге кешірім берді
Саясаттанушының айтуынша, Сыроежкиннен соттылық алынып тасталып, құқықтары қалпына келтірілген.
Саясаттанушы Андрей Чеботарев қытайтанушы ғалым Константин Сыроежкиннің кешірілгені жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.
Саясаттанушының айтуынша, Сыроежкиннен соттылық алынып тасталып, құқықтары қалпына келтірілген.
– Президент жанындағы рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлықпен белгілі ғалым-қытайтанушы, саясаттану ғылымдарының докторы әрі профессор Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады. Осыған байланысты оның соттылығы алынып тасталды және ол өз құқығын қалпына келтірді. Жалпы, әділеттілік орнады!- деп жазады Чеботарев.
Сыроежкин – тарих ғылымдарының кандидаты және саясаттану ғылымдарының докторы, ол қамауға алынғанға дейін Қазақстанда түрлі лауазымдарды атқарды. Оның ішінде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары және талдау орталығының басшысы болды.
2019 жылы ол сатқындық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды. Кейінірек жақсы мінез-құлық пен колония өміріне белсенді қатысқандықтан мерзімінен бұрын босатылды.