Астанадағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушылары өз қатарластарын соққыға жыққан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Instagram-дағы Astana_press парақшасындағы жазбада оқиғаның Астанада Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында болғаны айтылған.
«Мектеп оқушылары басқа балаларға үнемі қорлық көрсетеді. Бір топ ұл топтасып алып, балаларды сабайды екен. Бұл туралы мектеп директоры да, оның орынбасарлары мен мұғалімдер де біледі, алайда, еш шара қолданбайды деген ақпарат бар», – деп жазды Astana_press.
Бейнежазба қалалық полициясының назарына ілікті. Онда бір топ оқушының басқа оқушыларды ұрып-соғып жатқанын анық көруге болады.
«Аталған оқиғаға қатысы бар 9-сыныптың барлық оқушысы анықталып, ата-анасының көзінше жауап алынды. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Тергеу нәтижесіне сәйкес оқушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деді Астана қаласы «Алматы» аудандық полиция басқармасында.
БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.