Алматы облысында төрт жастағы бала Қаскелең өзеніне батып кетті
- авторОймақ
- 11 қыркүйек, 2024
- 167
Алматы облысында төрт жастағы бала Қаскелең өзеніне батып кетті, – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 10 қыркүйек күні Қарасай ауданындағы Жібек Жолы стансасының маңында болған.
Куәгерлер баланың судың жанында ойнап жүріп, абайсызда өзенге құлап кеткенін айтқан.
– Алты құтқарушы баланы іздеуге кірісіп, сағат 17:45-те баланың мәйіті табылып, судан шығарылды. Сот-медициналық сараптама жүргізу мақсатында мәйіт Қарасай ауданының мәйітханасына тасымалдау үшін полиция қызметкерлеріне берілді, - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.