жұма, 4 қазан, 2024 22:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Денсаулық сақтау министрі Ербаян Мұхтардың денсаулығына байланысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі  Ербаян Мұхтардың денсаулығына байланысты пікір білдірді
Фото: Halyq Uni
Ведомство басшысы сарбаздың анасымен сөйлескенін, қолдауға көрсетуге дайын екенін жеткізді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығына пікір білдіріп, оныл шетелдегі емханада ем қабылдауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Ақмарал Әлназарова Ербаян Мұхтардың денсаулығы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Сарбаз миынан ауыр жарақат алды. Науқасқа операция жасалды. Содан кейін науқас нейрохирургия орталығында 26 күн оңалтудан өтті. Тиісті ұсыныстар негізінде науқас үйге шығарылды. Қазір науқасқа емхана мен денсаулық сақтау басқармасының медициналық қызметкерлері бақылауымен жергілікті деңгейде медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деді министр Үкімет отырысынан кейін.

Ведомство басшысы сарбаздың анасымен сөйлескенін, қолдауға көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Біз науқастың анасымен байланыстық. Оңалтуға жолдама дайындалды. Алайда шетелдегі емханалар (науқасты қабылдайтынын-қабылдамайтынын) растамады. Ата-анасы іздеп жатыр. Біз өз тарапымыздан оңалтуды жалғастыруға дайынбыз. Кеше ғана консилиум өткізілді. Қорғаныс министрлігінің күшімен емдік массаж жасайтын маман, медбике жұмыс істеп жатыр. Ата-анасы келісім берсе, министрлік стационар жағдайында оңалтудың екінші кезеңін бастауға бастауға, - деді Ақмарал Әлназарова.

Айта кетейік, сарбаз Ербаян Мұхтар Алматыда орналасқан Ұлттық ұланның №5571 бөлімінде құлап, комаға түскен еді. Науқас 4 айға жуық уақыт оянбастан жатқан. Биыл мамырда ол есін жиған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар