Алматыда түрме бастығы Мұратжан Кәкімжановтың ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады
- авторОймақ
- 9 қыркүйек, 2024
- 218
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, қазір іс бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Қазнетте мекеменің керек-жарағы үшін өтірік тасымал жасады деген күдікпен Алматыда түрме бастығы Мұратжан Кәкімжановтың ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ulysmedia порталына оның ұсталғанын растап, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады. ІІМ ҚАЖК өз қатарында құқыққа қайшы әрекеттердің кез келген көріністеріне төзбеу бойынша өзінің принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге атсалысады", - делінген хабарламада.
Кәкімжановтың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және уақытша оқшаулағышқа азық-түлік, кеңсе тауарлары және тағы басқа қажеттіліктеріне тауарлар мен қызметтерді жеткізу бойынша қаражат бөлгені үшін күдікті, - деп жазады CMN.kz.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.