Руханият

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде кешірім сұрады

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова желіде қызу талқыланған видеосынан кейін халықтан кешірім сұрады.

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова желіде қызу талқыланған видеосынан кейін халықтан кешірім сұрап, тағы да видео жариялады. 

"Құрметті ағайын! Менің таңдағы видеома кешіріммен қараңыздар! Қазір ғана әпкем хабарласып, мендей сіңлісі барына ұялатынын айтты. «Сен біздің масқарамызды шығардың! Сендей сіңлім барына өкінемін» деп маған қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды, өмір сүре берсін! Мен де өлемін. Сүлеймен де өлген. Патшалардың бәрі өледі. Басымды қатырмаңдар! Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің әруағы қолдасын", – деді әнші.

Айта кетейік, әнші халықтың 10 пайызы өзін «оңбаған, әнші емес, алқаш» (кейіпкердің сөзі қаз-қалпында жазылды) дейтінін айтқан болатын.