Қоғам

Бас прокуратура 8 қылмыскер экстрадицияланғанын хабарлады

Шығын 85 млн теңгеден асты.

Бас прокуратура 2023 жылдың қаңтар айына дейін елорда аумағында қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 8 қылмыскер экстрадицияланғанын хабарлады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Олардың бірі "мефедрон" психотроптық затын Telegram қосымшасын пайдалану арқылы ірі мөлшерде заңсыз өткізгені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. 

Екінші қатысушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, ол қаржы пирамидасын құрғаны үшін акционерлердің заңсыз үлесін алып отырған. 

Шығын 85 млн теңгеден асты.

"Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін ІІМ шілде айында шет мемлекеттерден 28 қылмыскер ұсталғанын хабарлады.