Спорт

Даяна қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан қоржынында –  2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстанға кезекті қола жүлде түсті.

Парадзюдодан J2 санаты бойынша 57 келідегі Даяна Федосова қола жүлдеге ие болды. Ол үшінші орын үшін белдесуде Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын жеңді.

Айта кетейік, Даяна 2021 жылы өткен Токио Паралимпиадасына да қатысып, жүлдеге сәл жетпей қалған.

J2 – көру қабілеті нашар спортшылар санаты. 
Қазір Қазақстан қоржынында –  2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.