Мемлекет басшысы бірнеше мемлекеттегі елшілерді жаңадан тағайындады
- авторОймақ
- 6 қыркүйек, 2024
- 36
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірнеше мемлекеттегі елшілер жаңадан тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, – делінген ресми ақпаратта.
Сәйкесінше, аталған елдерде бұған дейін елшілік қызметте болған тұлғалар лауазымынан босатылды.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, – деп хабарлады Ақорда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Нұртөре Жүсіп Қазақстандағы АҚШ Елшісімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Президент Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады
- авторОймақ
- 5 қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
- авторОймақ
- 4 қыркүйек, 2024