Бүгін Парижде бес спортшы жарыс алаңына шығады
Олардың екеуі пара жүзуден бақ сынамақ.
Бүгін, 6 қыркүйек күні Парижде өтіп жатқан паралимпиада ойындарында Қазақстанның бес спортшысы жарыс алағына шығады.
Астана уақытымен сағат 12:45-те пара жүзуден Сиязбек Дәлиев, ал, сағат 14:10-да Зүлфия Ғабидуллина жарысады.
Сағат 13:00-ден бастап пара дзюдодан Ерғали Шәмей, Даяна Федосова, Аяла Мереке күреседі.
Пара каноэ спорт түрінен Бейбарыс Сыпатай, Жаңыл Балтабаевалар бақ сынайды.
Айта кетелік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Давид Дегтяров (пара пауэрлифтинг) алтын медаль алды. Мерген Еркін Ғаббасов,жүзуден Нұрдәулет Жұмағали күміс медаль алса, пара жеңіл атлет Дастан Мұқашбековте қола медаль бар.