Спорт

Әмір Мұратбеков Паралимпиаданың финалына шықты

Финал Астана уақытымен 21:01-де өтеді.

Қазақстандық жүзгіш Әмір Мұратбеков Паралимпиаданың финалына шықты, - деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

100 метрге брасс әдісімен жүзуде SB11 санатында сынға түскен Әмір Мұратбеков іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 1:21.66 уақыт нәтижесімен финалға жолдама алды.

Финал Астана уақытымен 21:01-де өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.