Әлем

АҚШ мектебінде оқушы атыс шығарып, төрт адам қаза тапты

Қаза тапқандардың екеуі оқушы, екеуі мұғалім екені белгілі болды.

АҚШ-тың Джорджия штатындағы орта мектеп кампусындағы атыс салдарынан төрт адам қаза тауып, тоғызы жараланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап. 

Штаттың ең үлкен қаласы Атлантадан солтүстікке қарай 70 шақырым жерде орналасқан Джорджия штатындағы Барроу округіндегі Апалачи орта мектебінің екі оқушысы мен екі мұғалімі қайтыс болды.

Джорджия тергеу бюросының директоры Крис Хоуси мерген 14 жастағы орта мектеп оқушысы Колт Грей деп танылғанын айтты.

Оның мәлімдемесіне сәйкес, К. Грей мектепте 10:30 шамасында атыс шығарған. Оны мектеп қызметкері полицияға тапсырған.

Атыстан кейін мектепке құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметкерлері келген. Барроу округінің шерифі Джуд Смит мерген мен құрбан болғандар арасындағы байланыс белгісіз екенін айтты. К. Хоусидің айтуынша, атыс салдарынан жараланған тоғыз адам ауруханаға жеткізілген.