Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты
Ол қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімді Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді.
Сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 6 жылға сотталған бірінші Президенттің жиені Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты.
Бұл туралы Михаил Козачков телеграм арнасында жазды.
Себебі сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініші мен күшіне енген үкімін қанағаттандырған болатын.
Енді ол қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімді Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді.
Михаил Козачковтың жазуынша, Қайрат Сатыбалдыны түрмеден шартты түрде 8 жыл мерзімге жаза алған інісі Самат Әбіш күтіп алған.