Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды
Әкімнің ұсталғанын Антикор растады.
Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Әкімнің ұсталғанын Антикор растады.
Қарасев Іле ауданын 2018 жылдың қыркүйегінен бастап басқарады. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласының әкімі болған, облыстық әкімдік аппаратын басқарған.
Интернетте таратылған ақпаратқа сәйкес, Қарасаевты "лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны" үшін Антикор ұстаған.