Саясат

Жер сілкінісі кезінде құлаған үйді салған мердігер сотталды

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған үйді салған мердігері Мүслим Демирер 18 жыл 1,5 айға бас бостандығынан айырылды.

Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған үйді салған мердігері Мүслим Демирер 18 жыл 1,5 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды. 

Бір жыл бұрын болған жойқын жер сілкінісі кезінде аймақтағы үйлердің қирауына байланысты сот процесі әлі жалғасып жатыр. Шанлыурфада бір үй құлап, 34 адам қаза тапқан болатын. Ғимараттың құрылысына жауаптылардың үшеуі жер сілкінісіне дейін қайтыс болған. Бастапқыда сот Мүслим Демирерді 21 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Демирердің ұлы да жер сілкінісі кезінде үйлердің құлауынан қаза тапты. Сот осы мән-жайды ескеріп, мердігерге берілген мерзімді қысқартты. Прокурорлар мен марқұмдардың жақындары соттан Демирерге ең ауыр жаза тағайындауды сұраған.Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үйлерге қатысты іс бойынша 269 адам қамауға алынды. Жер сілкінісінен келген материалдық шығын екі триллион түрік лирасын (105 миллиард долларды) құрады.Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.