Спорт

Демеу докторантураға түсті

Олардың есімі академияның Құрмет тақтасына алтын әріппен жазылады.

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Париж Олимпиадасының жүлдегерлері: Демеу Жадыраевқа докторантура, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратура грантын табыстады.

Білім гранттары академияның бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімінде табысталды.

Париж Олимпиадасында медаль алған бес спортшы: Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов, Ғұсман Қырғызбаев, Назым Қызайбай, Ислам Сәтбаев – осы академияның түлектері. Олардың есімі академияның Құрмет тақтасына алтын әріппен жазылады. 

«Тәжірибе жүзінде білген-түйгенімізді енді теориямен ұштастыруға, ғылыми тұрғыда ізденуге мүмкіндік берген, өзім оқыған академия басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Ал, артымыздан еріген жас өрендерге сәттілік тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңа жетуден ешқашан шаршамаңдар», – деді Демеу Жадыраев.