Әлем

Армения ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін

Армения ҰҚШҰ (ОДКБ) мүшелігін уақытша тоқтатты. Бұл туралы елдің премьер-министрі France 24 арнасына берген сұхбатында айтты.

Никол Пашинян «Бірнеше ай бұрын Ресей армян  халқын билікті төңкеріп тастауға  ашық шақырды. Мәскеудің бұл  насихаты әлсіреген жоқ.

Мен Арменияда ресейлік әскерлердің  дезертир Дмитрий Сетраковты ұрлап кеткеніне алаңдаулымын. Біз өз аумағымызда біреулердің заңсыз әрекет жасауына төзбейміз. Егер Ереванның  талаптары орындалмаса мұндай әрекеттердің салдары болады»,-деді.

Сонымен  қатар Армения премьер-министрі  ҰҚШҰ ға қатысты көзқарасын білдірді. «Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады. Бұл мәселе біздің назарымызсыз тыс қалмады. Біз осы шартқа қатысуымызды тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік», - деді Никол Пашинян сұхбатында. Ол ұйымда қалу немесе қалмау туралы шешім жуырда қабылданатынын айтты.

Oimaqnews