Қоғам

Садықовты депутаттық мандатынан айырды

Бұл шешімге А. Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды

«Ақ жол» партиясы атынан депутат Асқар Садықов Мәжілістен кетті.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демпартиясының ұсынымы бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды.

“Бұл шешімге А. Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды”, -деп жазды “Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев телеграм каналында.

Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң А. Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды.