"Рахман қайнары" мемлекетке қайтарылды
"Рахман қайнарлары" шипажайы 1964 жылы ашылған.
Электронды сауда алаңында "Рахман қайнарлары" санаторийін мемлекет органдарының балансына берілгені хабарланды.
ШҚО әкімдігінің мәліметінше, сауда қорытындысы бойынша шипажай ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының теңгеріміне берілген.
– 22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі күні ол орынды қабылдауға мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан тұратын комиссия шығып кетті. Санаторийді шетелдік компанияларға беру жоспарланбаған", - дейді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.
"Рахман қайнарлары" шипажайы 1964 жылы ашылған. Әртүрлі ауруларды емдеу үшін қолданылатын табиғи минералды термалды жерасты радон сулары бар. Мемлекетке өтпес бұрын олигарх Анатолий Балушкинге тиесілі болған.