Руханият

"Менің қатысым жоқ": Raim тыңдармандарына үндеу жасады

Әншінің есімін әлдекімдер пайдаланып, алдап жүргенге ұқсайды.

Қазақстан әншісі Raim әлеуметтік желіде тыңдармандарына үндеу жасады.

Оның айтуынша, әншінің есімін әлдекімдер пайдаланып, алдап жүргенге ұқсайды. 

Яғни, TikTok-та адамдарды алдап жүр.

Raim деген атпен белгілі Райымбек Бақтыгереев өзінің Instagram-дағы аккаунтында маңызды ақпаратпен бөлісті. Әнші Ерке Есмахан жұбайы соңғы уақытта оның атынан TikTok-та адамдарды адастыратын іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Менде TikTok қолданбасында ресми аккаунт жоқ. Менің атымнан суреттер, бейнелер жариялап немесе сөйлесіп, жауап беретін адамдарға сенбеңіз. Raim деп аталатын бірде-бір парақшаға ешқандай қатысым жоқ. Рахмет", – деп жазды ол.