Әлеумет

Павлодар облысының тұрғыны ес-түссіз жатқан әйелді құтқарып қалды

Мәриям есімді әйелдің қиын жағдайға тап болғаны анықталды

Павлодар облысының тұрғыны ішінде баласы бар арбаны және ес-түссіз жатқан әйелді көріп, бірден 102 мен жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Мәриям есімді әйелдің қиын жағдайға тап болғаны анықталды. Оған көмектесетін ешкім болмаған соң, 2 баласы бар әйел Дағдарыс орталығына жіберілді. Балалары балабақша мен мектепке орналастырылды.

«Күн сайын біз Павлодар қаласының дағдарыс орталығында бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерімен кездесеміз. Әрқайсысына ана мен балаға қатысты мәселелер бойынша заңгерлік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар әйелдерді жұмысқа, балаларды мектепке, балабақшаға орналастыруға көмектесеміз», - деді Павлодар қаласы ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Әсем Рахимова.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын қызметкерлер өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдермен жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.

«Қазір полицияның көмегіне ризамын. Уақытша болса да басымда панам бар. Балалар орнығып, оқиды, құрбыларымен араласады. Орталықта жүргенде тағдырыма мемлекеттің бей-жай қарамайтынын, қиын кездерде олар міндетті түрде көмектесетінін, ең бастысы соған сену керек екендігін түсіндім», – деді Мәриям.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Дағдарыс орталығына 69 әйел мен 139 бала орналастырылған.