Әлеумет

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлектерге қосымша мемлекеттік грант тағайындады

2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланған болатын

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлектерге қосымша мемлекеттік грант тағайындалды.

Білім беру гранттары конкурс негізінде ҰБТ-дан жоғары балл жинған үміткерлерге берілді. Барлық грант иегері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін баруы қажет, - деп хабарлады министрлік.

Еске сала кетейік, 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланған болатын.

Бұған дейін грант бойынша оқуға түсе алмаған талапкерлер мен балалардың құқығын қорғаушылар Ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен сотқа ұжымдық арыз жазуды жоспарлап отырғаны айтылған еді.