Әлем

Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі сотталды

Мәскеудің Басманный соты Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийді соттады.

Петр Врублевский орыстарға өшпенділік пен жеккөрушілік тудырды деген айыппен жалпы режимдегі колонияда алты жылға сырттай сотталды.

Жаза мерзімі Врублевскийдің Ресейде ұсталған немесе Ресей құқық қорғау органдарына тапсырылған сәтінен бастап есептеледі.

2022 жылы Қазақстандағы Украинаның сол кездегі елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогерге берген сұхбатында украиналықтар "мүмкіндігінше көп ресейлікті өлтіруге тырысып жатыр" деп мәлімдеген. Осы мәлімдемесінен кейін ол сынға қалды. 

"Біз мүмкіндігінше олардың көпшілігін өлтіруге тырысамыз. Қазір орыстарды қаншалықты көп өлтірсек, біздің балаларымызды соншалықты аз өлтіреді. Бар болғаны сол", – деген ол.