жұма, 22 қараша, 2024 0:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Келесі жылы зейнетақы қалай өзгереді – ҚМ

Келесі жылы зейнетақы қалай өзгереді – ҚМ
фото: ашық дереккөз
Құжат 31 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» порталында «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жариялады.

Онда 

келесі жылы зейнетақы, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш қалай өзгеретіні туралы мәліметтер берілген. 

Заң жобасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептiк көрсеткiш 3 932 теңге болады. Қазір бір АЕК 3 692 теңгеге тең.

Айта кетері, айлық есептік көрсеткіш жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Яғни, АЕК өссе, жәрдемақылар мен айыппұлдардың мөлшері де ұлғаяды деген сөз.

Келесі жылы ең төмен жалақы өзгеріссіз қалады – 85 мың теңге. Ал мемлекеттік базалық зейнетақының ең төмен мөлшері – 32 360 теңгені (биыл 28 215 теңге), зейнетақының ең төмен мөлшерi 62 771 теңгені (биыл 57 853 теңге) құрайды.

Жасына байланысты зейнетақы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5 пайызға көтеріледі.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 46 228 теңге болып бекітілмек.

Құжат 31 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар