Әлеумет

Жаңқош Тұраров баспасөз мәслихатына келген жоқ

Бүгін Алматыда кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың тарапы өзіне тағылған айып бойынша баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр.

Бүгін Алматыда кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың тарапы өзіне тағылған айып бойынша баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр. Оның анонсын 24 тамыз күні боксшы Жанқош Тұраровтың өзі жасаған болатын. Бірақ, бүгінгі пресс-конференцияға Тұраровтың өзі келген жоқ, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Azattyq Rýhy. сайтына сілтеме жасап.

«Жанқош Тұраров – кәсіби бокста жеңіліс көрмеген боксшы. Қазір ол күнделікті жаттығып, жақында болатын жекпе-жекке дайындалып жатыр. Осыған байланысты Жанқоштың сұрауы бойынша мен сіздермен тілдесіп, сұхбат беремін», - деді өзін таныстырған адвокат Самат Момытов.

Естеріңізге салайық, танымал боксшы Жанқош Тұраров мені зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлиева Azattyq Rýhy редакциясын сұхбатқа шақырып, боксшыны неше жылдан бері білетінін, онымен алғаш рет қалай танысқанын және Жанқош Тұраров 6 жылдан бері не деп алдап келе жатқанын айтып берген еді.

21 тамызда әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров Әнару Қалдыбекті зорлады деген ақпарат тарады. Алматы қаласының полициясы мұны растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.