Қоғам

Telegram Дуровтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Біз бұл жағдайдың тезірек шешілуін күтеміз

Telegram мессенжерінің ресми аккаунты компанияның негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияда ұсталуына қатысты алғаш рет түсініктеме берді.

Telegram Еуропа Одағының заңдарын, соның ішінде Цифрлық қызметтер туралы заңды қатаң сақтайды — оның модерациясы салалық стандарттарға сәйкес келеді және үнемі жетілдіріліп отырады. Telegram басшысы Павел Дуровтың елден жасыратын ештеңесі жоқ және ол Еуропада жиі саяхаттайды. Платформаны теріс мақсатта пайдаланғандар үшін осы желі немесе оның иесі жауапты деу — абсурд, - деп жазады.

Компанияның айтуынша, дүние жүзінде миллиардқа жуық қолданушы Telegram-ды байланыс құралы және өмірлік маңызды ақпарат көзі ретінде пайдаланады.

Франция прокуратурасы бұл іс жайлы 26 тамыз, дүйсенбі күні жан-жақты ақпарат берілетінін мәлімдеді.