Дуровты Париж әуежайында Француз арнайы қызметі ұстаған
Француз БАҚ Дуровтың қамауға алынғанын хабарлады.
"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Париж әуежайында Француз арнайы қызметтері ұстады.
Француздық LCI жаңалықтар арнасының мәліметінше, ол елге Әзербайжаннан жеке бизнес-джет ұшақпен келген.
Француз БАҚ Дуровтың қамауға алынғанын хабарлады. Жақын арада ол сотқа тартылады және 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, Дуровтың Француз азаматтығы бар.