Қоғам

Қазақстандық оқушылар 15 қыркүйектен бастап қашықтан оқи ма – Министрлік жауап берді

Желіде маймыл шешегіне байланысты мектеп қашықтан оқытуға көшеді деген ақпарат тарады. Бұған денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті түсініктеме берді.

WhatsApp-та таралған ақпаратқа сәйкес, қашықтан оқу 15 қыркүйекте басталады.  

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жалған ақпарат деп түсіндірді. Ал 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе басталады.