Әлем

Ресейде тұтқындар колония қызметкерлерін тұтқынға алды: Көз жұмғандар бар

Ресейде Волгоград облысындағы №19 түзету колониясында федералдық қылмыстық атқару қызметінің қызметкерін тұтқын кепілге алып, өлтірген.

№19 түзету колониясы Суровикино қаласында орналасқан.

"Тұтқындар колония қызметкерін өлтірді, федералдық қылмыстық атқару қызметінің басқа қызметкерлері жараланды", – делінген мемлекеттік мекеме хабарламасында.

Төрт қызметкер жараланған, ал қарсылық көрсеткен кезекші қаза тапты. Зардап шеккен қызметкерлердің арасында колония басшысы Андрей Девятов бар, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Тұтқындардың шабуылы тәртіптік комиссияның отырысында болды, қазір кепілге алынғандарды босату шаралары жүргізіліп жатыр. Ал шабуыл жасағандар 2 миллион доллар мен тікұшақ талап еткен.