"Ресей қантына тыйым салынсын": Вице-министр жауап берді
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ брифингінде БАҚ өкілі сұрағына жауап берді.
Сіз білетіндей, бізде қант шығаратын 4 қана зауыт бар. Оның біреуі – жөндеуде. Сарапшылардың айтуынша, олардың барлығы Ресей қантына қарсы. Ресей Федерациясының аумағында 65 қант зауыты бар. Қант саласындағы сарапшылар Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ресейден автокөлікпен келетін қантқа тыйым салуды ұсынып отыр. Бұған Ауыл шаруашылығы министрлігі қалай қарайды? – деп сұрады журналист.