Әлеумет

Әйтеновтің әйеліне айыппұл салды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Марат Әйтеновтің әйелі Дана Әтешоваға 73 840 теңге (20 АЕК) көлемінде айыппұл салды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Оны мәжбүрлеп шығару процесі барысында үй иесіне қарсылық көрсетіп, М.-ны үйге кіргізбей, жәбірленушіні қасақана ұялы телефонымен соғып, оны тістеп алған.

Нәтижесінде М.-ге дене жарақаты келтірілген.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді.

Прокурор 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Жасалған теріс қылықтың мән-жайларын және оның ауырлығын ескере отырып, сондай-ақ сотталушының жеке кәсіпкер болып табылатынын, оның асырауында 3 жас баласының бар екенін және жазаның өзге түрін тағайындау оның балаларының өмірі мен тәрбиесі жағдайларына әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, сот сотталушы А.-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, өткен жылдан бері БАҚ беттерінде Әйтенов-Әтешова оқиғасы өршіп тұр. Мұның бәрі Қазақстанның беделді азаматының бұрынғы әйелі Жоғарғы сот маңындағы пикетке шыққан кезде басталды. Ол Есіл аудандық соты балаларының әкесін заң бойынша алимент төлеуге міндеттемегенін баяндаған. Дана Әтешова мұндай шешімге бұрынғы күйеуінің Шымкенттің бұрынғы әкімімен қарым-қатынасы себеп болғанын айтты.

Кейін Әтешова журналистерге Әйтеновпен бірге тұрған тоғыз жыл ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да айтты.

Биыл баспасөз мәслихатында ол Әйтеновтің де балаларына қатыгездікпен қарағанын, алимент толық төлемеу үшін табысын жасырғанын мәлімдеді. Содан кейін оның балаларымен бірге үйден шығарылатыны белгілі болды.

Д.Әтешова Парасат, көшесіндегі №16-үй үшінші тұлғаға ресми түрде ғана берілгенін, ал шын мәнінде ол Әйтеновке тиесілі және оның басқа да көптеген жылжымайтын мүлкі бар екенін айтады. Шілденің 12-сі күні Қазнет желісінде айғай-шу аралас және балалардың жылағанына қарамастан көшіргені туралы даулы видеолар тарады.

Әйтеновтің полицейлердің көзінше әйелді еденнен сүйреп өткеніне жұртшылықтың ашуын туғызды. Айқайдан кейін ол әкімшілік іс бойынша қамауға алынып, кейін қылмыстық іс қозғалды.