Алматылық оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бара ма – әкімдік жауап берді
- авторОймақ
- 23 тамыз, 2024
- 222
Алматы қалалық әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова 1 қыркүйек демалыс болатынын айтты.
«1 қыркүйек демалыс күніне түскендіктен, балалар демалады. 2 қыркүйекте бәріміз мектепке барамыз», – деді әкімнің орынбасары.
Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай да мектеп оқушыларына арналған алғашқы қоңырау 2 қыркүйекте өтетінін атап өтті.
«Қазір білім бөлімімен 1 қыркүйек демалыс күні деп жоспарлап отырмыз. 2 қыркүйекте таңертең алғашқы қоңырау өтеді. Дәстүр бойынша бірінші сыныпқа баратындарды күтіп аламыз. Қаладағы барлық мектептерде алғашқы қоңырау 10-15 минут болады», – деді ол.
Бұл ақпаратты Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі де растады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.