жұма, 22 қараша, 2024 17:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Мерзімі өтіп кеткен тамақ берілген" – прокуратура

"Мерзімі өтіп кеткен тамақ берілген" – прокуратура
фото GOV.kz
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған колледж студенттеріне мерзімі өтіп кеткен тамақ берілген

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған колледж студенттеріне мерзімі өтіп кеткен тамақ берілген. Бұл туралы Түркістан облысының әлеуметтік бағдарламалар басқармасы білгенімен, үнсіз қалуды жөн көріпті. Бұл туралы Orda телеграм каналы жазды.

Түркістан облысы прокурорлары Кентау қаласындағы арнайы кәсіптік колледжде 80 студенттің құқығы өрескел бұзылғанын анықтады.

Бұл колледж ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін құрылған, ол тек білім беріп қана қоймайды, сонымен қатар реаблитациялық көмек көрсетеді. 

Алайда, мұғалімдердің біліктілігі талапқа сай болмай шықты, әрі колледжде санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмайтыны да анықталды. 

Сонымен қатар, мекеме басшылығы студенттерді мерзімі өтіп кеткен өнімдермен «қуантып», қолдану уақыты өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді сатып алып отырған.

Тағы бір дерек: Түркістан облысының әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл фактілерді білгенімен, әрекет етуді жөн көрмеген.

Прокурорлар әзірге бес түрлі жауап актісін дайындап, облыс әкімдігі мен аумақтық департаменттерге жіберді. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар