Спорт

Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді

Бұл оның Парижден оралғалы алған үшінші көлігі.

Париж Олимпиадасында бесінші орын алған қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді.

Қазақстандық дзюдошының Instagram Stories-інде жарияланған видеоға сүйенсек, оған «Жеңіс» дзюдо клубының президенті атынан су жаңа автомобиль тарту етілген.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Парижден оралғалы осымен үшінші көлікті сыйға алып жатыр. Ең бірінші болып дзюдошыға "Республика" партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров көлік мінгізсе, кейін Атырау облысының әкімі де темір тұлпардың кілтін табыстаған еді.