Президент мемлекеттік сапармен Тәжікстан Республикасына барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.